02.03.2026
«Біртұтас тәрбие» жоспарын іске асыру аясында колледжде студенттермен заманауи өзекті мәселелер — алаяқтық пен дропперлікке қарсы іс-қимыл тақырыбында танымдық кездесу өтті.
Дәрісті Ақмола облысы ПД УПК жедел уәкілі, полиция майоры — Назарова Бекзат Агыиковна жүргізді. Кездесу барысында қазіргі қылмыстық схемалар жан-жақты түсіндіріліп, олардың алдын алу жолдары мен жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері қарастырылды.
Іс-шараның маңыздылығын колледж бен Полиция департаменті арасындағы ынтымақтастық айқындайды: меморандум аясында студенттер тек білім алып қана қоймай, профилактикалық іс-шараларға ерікті ретінде белсенді қатысуда.
Азаматтық белсенділігі мен профилактикалық жұмысқа қосқан үлесі үшін департамент дипломдарымен марапатталғандар:
• Пышненко Рустем
• Распутько Александр
• Архипов Артур
• Литвинюк Ярослав
• Рустимов Рустам
Студенттерді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз және алдағы жетістіктер тілейміз