17.03.2026
15 наурыз – Қайырымдылық күні
Бұл күн – мейірімділік пен жанашырлықты насихаттайтын ерекше мереке. Қайырымдылық күні адамдарды бір-біріне көмек көрсетуге, қамқорлық танытуға және қоғамдағы бірлікті нығайтуға шақырады.
Қазақ халқы ежелден қайырымдылық пен жомарттықты жоғары бағалаған. Ата-бабамыз «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деп, ізгі істердің қоғамға береке әкелетінін насихаттаған.
Осы күні мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, үлкендерге құрмет білдіріп, айналамыздағы адамдарға жылулық сыйлау – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз. Кішкентай ғана жақсылықтың өзі үлкен үміт пен қуаныш сыйлай алады.
Қайырымдылық – тек материалдық көмек емес, ол – мейірімді сөз, жылы жүз, жанашыр жүрек.
Бірге жақсылық жасап, қоғамымызды мейірім мен игілікке толтырайық!