Текст
19.03.2026
Ағымдағы жылдың 19 наурызында Ақмола облысы Полиция департаментінің бастамасымен Ақмола облысы бойынша Әділет департаменті өкілдерінің, жеке сот орындаушысының және «Арна» колледжінің кибереріктілерінің қатысуымен «Қазпошта» АҚ ғимаратында дөңгелек үстел өтті. Онда «Cyberpol» қызметкерлері интернет-алаяқтар қолданатын алдаудың жаңа схемалары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Мереке қарсаңында қызметкерлер интернет желісіндегі қауіпсіздікті сақтауды, ұлттық және инвестициялық платформаларда ақша қаражатын көбейту туралы жарнамаларға сенбеуді, тауарды сатып алмас бұрын барлық маркетплейстерді тексеруді және ешқашан SMS-кодты айтпауды ескертті.