Текст
08.04.2026
«Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында колледж студенттері үшін «Кітап белгішесі емес» және «Бұзақы қыз» атты қысқа метражды фильмдердің көрсетілімі ұйымдастырылып, кейін қатысушылармен талқылау және сауалнама жүргізілді. Зерттеудің мақсаты – студенттердің құқықтық тәртіп мәселелеріне деген қатынасын, хабардарлық деңгейін және мінез-құлықтық ұстанымдарын анықтау болды. Алынған деректерді талдау көрсеткендей, студенттер заңдарды және қоғамдық тәртіп нормаларын сақтау маңызын түсінеді, ақпараттылығы жоғары және фильмдерде көтерілген мәселелерді талқылауға оң көзқарас танытып, құқықтық сананың қалыптасуына ықпал етеді.