13.04.2026
Колледжде педагог-психолог Ерғалиева Ш.К. тарапынан «Мен жігітпін, бұл дегеніміз…» тақырыбында жасөспірім ұлдармен тренинг өткізілді

Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың өздерінің әлеуметтік рөлін саналы түрде түсінуін қалыптастыру, жауапкершілік сезімін арттыру, өзіне деген сенімділікті дамыту және ер азаматқа тән құндылықтарды ұғындыру

Тренинг барысында келесі мәселелер қарастырылды:
қазіргі заманғы ер азаматқа тән қасиеттер;
өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау;
айналадағы адамдарға құрмет көрсету;
эмоцияларды дұрыс жеткізу және қиындықтарды еңсеру дағдылары.
Жұмыс барысында интерактивті әдістер қолданылды: пікірталас
, өзін-өзі тануға бағытталған жаттығулар
, рөлдік ойындар
Қатысушылар белсенділік танытып, өз ойларымен және жеке тәжірибелерімен бөлісті 
Тренинг қорытындысы бойынша қатысушылар «жігіт болу» ұғымы тек стереотиптермен шектелмейтінін, сонымен қатар жауапты, құрметті, мақсатқа ұмтылған және эмоционалдық тұрғыдан жетілген тұлға болуды білдіретінін түсінді