20.05.2026
Көкшетау қаласының маңында мектеп оқушылары арасында киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша профилактикалық жұмыс жүргізілуде.
«Заң мен тәртіп» қағидаты шеңберінде Ақмола облысы ПД «Cyberpol» қызметкерлері 2026 жылғы 18–20 мамыр аралығында Көкшетау қаласының Красный Яр ауылында «Арна» жоғары колледжінің кибереріктілерінің көмегімен мектеп оқушыларын ақпараттандыру жұмыстарын жүргізуде.
Негізгі мақсат — жастар арасында дропперліктің алдын алу, сондай-ақ құқыққа қарсы қызметке қатысудан қорғану жолдарын түсіндіру.
Кездесу аясында полицейлер азаматтарға, оның ішінде жасөспірімдерге, алаяқтық схемаларға тартумен байланысты заманауи қауіптер туралы айтып берді. Қатысушыларға кибербуллинг, дропперлік, сталкинг, груминг тақырыптарында бейнероликтер көрсетілді.
Іс-шара соңында кибереріктілер ақпараттық буклеттер мен брошюралар, сондай-ақ 200-ден астам ақпараттық парақшалар таратты.