Текст
Конституция күні қарсаңында Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының "Ақмола облысының "Рухани жаңғыру" өңірлік жобалық кеңсесі" КММ " Конституция – елдің негізі "тақырыбында зияткерлік ойын өткізді, оған біздің колледж оқытушылары қатысты:
Тоқсанбаева Салтанат Төлегенқызы
Мұхатаев Мейірбек Шәріпұлы
Бейсенбай Адай
Мыңбаев Азамат Есенбергенұлы
Ойын қорытындысы бойынша біздің колледж командасы 1-ші құрметті орынға ие болды.
Жеңісіңізбен құттықтаймыз, бұл жаңа оқу жылының тамаша бастауы!