Колледжде кезекті ата-аналар онлайн форматта өтті. Оған 1 және 2 курс студенттерінің ата-аналары қатысты.
✅Жиналыстың тақырыбы: "білім беру процесіндегі педагогтар мен ата-аналардың ынтымақтастығы"
✅Жиналыстың күн тәртібі:
🔹️1.Қоғамды ақпараттандырудың қазіргі жағдайында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы. Колледж қызметін реттейтін жергілікті нормативтік құжаттармен танысу.
🔹️2.Білім алушылардың құқыққа қайшы мінез-құлқының алдын алу мәселелерінде педагогикалық ұжым мен ата-аналардың өзара іс-қимылы туралы. Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі туралы.
🔹️3.Үлгерім және сабаққа қатысу нәтижелері
🔹️4.Студенттердің сабақтан тыс уақыттағы жұмыспен қамтылуы
🔹️5.Оқу процесінің кестесі, демалысқа шығу. Каникул кезінде балалардың кешенді қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
✅Ата-аналармен кері байланыс оң болды. Ата-аналар өздерін толғандыратын сұрақтар қойды. Олар осы форматта ата-аналар жиналысын ұйымдастырғаны үшін алғыс айтты.
✅Жиналыс өзара құрмет пен өзара түсіністік жағдайында өтті.
✅Колледж келесі ата-аналар жиналысын ақпан айының соңында өткізуді және оған мүмкіндігінше көп қатысушыларды шақыруды жоспарлап отыр.