Ата - аналар жиналысы Көкшетау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Қуанышбеков Медетбек Дәуренбекұлының қатысуымен өтті.
✅Жиналыстың күн тәртібінде: "Pfizer" шығарған "Комернати"вакцинасының Бірінші компоненті".
✅Маман түсіндіргендей:
- "Вакцинация ерікті негізде және міндетті түрде ата-аналардың рұқсатымен жүргізіледі. Вакцинацияға 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер жіберіледі".
✅"Pfizer" құрамында коронавирус бөлшектері жоқ екендігі айтылады. Вакцинация кезінде жасөспірімнің денесінде антиденелер мен иммунитет пайда болады, бұл баланы КВИ-ден қорғайды.
✅"Вакцинациядан бұрын ПТР алудың қажеті жоқ, бала медициналық тексеруден өтеді, қысым мен сатурация тексеріледі. Егер қарсы көрсетілімдер болмаса, онда баланы вакцинациялауға рұқсат етіледі. Осыдан кейін бала 30 минут бойы бақылауда болады", - деп түсіндірді Медетбек Дәуренбекұлы ата-анасына.
✅Айтпақшы, колледж ұжымы мен кәмелетке толған студенттер қазірдің өзінде вакцинацияланды, енді кәмелетке толмаған оқушылар да вакцинаны алғаннан кейін біз ұжымдық иммунитетті қалыптастырып, КВИ-мен күреске өз үлесімізді қоса аламыз.