Қазіргі уақытта сабақта цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану өзекті міндет болып табылады. Цифрлық білім беру ресурстары оқу процесін ұйымдастыру үшін қажет және сабақ жоспарына "байланған" нақты оқулықтың мазмұнына сәйкес іріктелген фотосуреттер, бейнефрагменттер, модельдер, рөлдік ойындар, картографиялық материалдар сандық түрде ұсынылған.
Ағымдағы жылдың 21 ақпанында арнайы пәндер кафедрасы колледж оқытушыларына арналған "цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану бойынша нұсқаулық" семинар – тренингін өткізді. Семинардың мақсаты: колледждің оқу – тәрбие үрдісінде қолдану үшін білім беру платформаларының көмегімен цифрлық білім беру ресурстарын дайындау бойынша педагогтердің құзыреттілігін арттыру.
Семинар аясында 25 ақпанда практикалық сабақ өтті, онда оқытушылар Алпысбаев А.С. және Саликова А. Ж. оқытушыларға цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану дағдыларын меңгеруді, ЦОР және жаңа АКТ – технологияларды пайдалана отырып сабақтарды жобалауды үйретті.