Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің 1 курс студенттерінің арасында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл – сұлама» атты тарихи кеш өткізді. 1723-1727 ж.ж аралығындағы «Ақтабан шұбырынды – Алқакөл сұлама» – қазақ халқының жадында тарихтағы қиын кезеңдердің бірі ретінде қалды. «Ұлы апат жылдарын» Шәкәрім Құдайбердиев «жаяу-жалпы адамдардың ақ табан болғанша жүгіріп қашуы» деп түсіндірген. 1723-1727 жылдардағы Қазақстанның ең қайғылы кезеңінің тарихымен таныстыру, жастардың бойында патриоттық сезім қалыптастыру, қазақ халқының өткен тарихына құрмет көрсету мақсатында өткен бұл іс-шарада өзіміздің ұлы батырларымыз бен хандарымыздың біз үшін істеген ерлігін ұмытпауымыз керектігі, оларды дәріптеп, әрдайым есте ұстауымыз қажет екендігі туралы айтылып, тарихи тұлғаларымыз жөнінде студенттерге жан-жақты мәлімет берілді.