06.11.2023 жылы "Арна" Көкшетау жоғары колледжінде директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Т.И. Бугаева құндылық тәсілі негізінде тәрбие процесін ұйымдастыруда әдістемелік көмек көрсету мақсатында топ кураторларымен "Құндылық тәрбиесі тұжырымдамасы негізінде "Бірыңғай тәрбие бағдарламасын" іске асыру бойынша тәрбие жұмысын жоспарлау ерекшеліктері" атты семинар өткізді.
Іс-шара барысында қатысушылар 2023-2024 оқу жылында іске асырылатын білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие жұмысының үрдістерімен, құндылықтар негізінде тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктерімен, пәндік мазмұн, сынып сағаттары және сыныптан тыс әлеуметтік тәжірибелер арқылы білім алушыларда құндылықтарды сіңіру әдістерімен танысты, ертеңгі ұрпақ туралы пікір алмасты, жан-жақты үйлесімді дамыған білім берудің тиімді тәсілдерін талқылады.