Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың, сондай-ақ кәмелетке толмағандар тарапынан жасалатын басқа да құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында 2024 жылдың 29 қаңтарында колледжде студенттердің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторымен кездесуі ұйымдастырылды.
Оқушылармен қарым-қатынас әңгіме түрінде өтті. Әңгіме барысында кәмелетке толмағандардың қылмыс пен құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі туралы мәселелер қозғалды.
Жасөспірімдерге қылмыстық жауапкершілік қай жастан басталатыны және қылмыс жасағаны үшін қандай жаза қолданылатыны түсіндірілді. Сондай-ақ инспектор студенттердің колледждегі және қоғамдық орындардағы өзін-өзі ұстауы, студенттердің оқытушыларға, үлкендерге және достарына деген дұрыс қарым-қатынасы мәселелеріне тоқталды. Әңгіме инспектордың кәсіби қызметінен нақты мысалдар мен фактілерге негізделді.