2020 жылдың 8 желтоқсанында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің базасында «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру ерекшеліктері» тақырыбында облыстық практикалық онлайн-семинар өткізілді.
Онлайн-семинардың мақсаты: мұғалімдерге әр түрлі оқыту стратегияларын, сабақ жоспарлаудағы оқу мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған оқытудың белсенді және интерактивті әдістерін қолдана отырып, тапсырмаларды құруда әдістемелік қолдау көрсету.
Семинарға қатысушылар өздерінің педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті, ТжКБ жүйесінде жаңартылған білім беру негізінде оқыту кезінде туындайтын мәселелерді бірлесіп анықтады және шешті.
Осы семинар жұмысына филологиялық пәндер кафедрасының оқытушылары белсенді қатысты: Өтебаев Ж.Қ. - қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, Абдрахманова Д.К. - ағылшын тілі мұғалімі, Мен орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімімін. Семинар соңында қатысушылар сертификаттармен марапатталды.