Текст
2021 жылдың сәуірдің 26-сы күні тарих пәнінің мұғалімі Бейсенбай Адай ББ-11 тобында "Ортағасырлық Қазақстандағы ғалымның дамуы" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында мұғалім жақсы ахуал қалыптастыра білді, әрбір білім алушының жауабын мұқият тыңдап, кері байланыс жасап отырды. "Ыстық орындық", "Бір минуттық әңгіме", "Кейіпкерге хат" әдістерін шебер қолданып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыра түсті. Бекіту ретінде "білім" сандығына оқушылардың сабақ үстінде жинаған алтындарын салып, тақырыпқа байланысты фактілермен қорытындылады. Сабақ соңында оқушылар "Бес саусақ" әдісі бойынша сабаққа қатысты оң пікірлерін білдірді.