Текст
22.01.2026
2025 жылғы 1–15 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің бірлесуімен 10–11 сынып оқушылары мен колледж студенттері арасында «Qarzhy Saqshysy» компьютерлік ойыны ұйымдастырылды.
Ойынның мақсаты — жасөспірімдердің қаржылық сауаттылығын арттыру және қаржылық алаяқтық тәуекелдері туралы хабардарлығын көтеру.
Ойын қорытындысы бойынша ПД-22-О тобының студенті Айткужинова Лейла 1-орынға ие болды
Жеңісіңмен құттықтаймыз! Алдағы уақытта толағай табыстарға, өз күшіңе сенімділікке, жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістерге тілектеспіз! 
