22 қазан "Арна" Көкшетау жоғары колледжінде Жалпы білім беру пәндері кафедрасының оқытушылары Дахан М., Баязитова Г.Р. ұйымдастыруымен Жас мамандарға арналған «Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» тақырыбында семинар-практикум өткізілді. Семинар білім беру процесінің тиімділігін арттыру үшін мұғалімнің цифрлық құзыреттілігін дамытуға, жас педагог мамандардың цифрлық білім беру технологияларының белсенді әдістерінің мәнін түсініп, өз жұмысын ұйымдастыруда қолдануға бағытталған. Семинар барысында жас мамандар қазіргі кезеңде педагогтың нәтижелі кәсіптік дамуының маңызын, цифрлық құзыреттіліктерін білім беру жүйесінде мұғалімдердің құзіреттілігін арттыруға арналған әдістерді жан-жақты талдау жасап, көптеген мағлұмат алды. Сабақ соңында жас мамандар өткізуші оқытушылармен кері байланыс жасап, өздерінің ойларымен бөлісті.