Ағымдағы жылдың 15 желтоқсанында "Арна" Көкшетау жоғары колледжінің қабырғасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "тәлімгер + жас оқытушы = команда"атты жас оқытушылар байқауы өтті.
Колледжден 5 команда өздерінің педагогикалық шеберліктерімен жарысты. Барлық қатысушылар визит карточкасын ұсынды, сабақтың, сыныптан тыс іс – шараның шағын презентациясын өткізді. Сонымен қатар, барлық Қатысушылар педагогикалық ойында тиімді қарым-қатынас дағдыларын көрсетті. Конкурс оқытушылар үшін олардың шығармашылық әлеуетін ашу, тәжірибе алмасудың кәсіби өсуі үшін маңызды алаңға айналды.
Бірінші орынды барлық конкурстық сынақтардың қорытындысы бойынша жоғары нәтижелер көрсеткен команда иеленді: тәлімгер Ефимова Диана Ағыбаевна және жас педагог Ахметжанова Камиля Ескеновна. Біздің сайыскерлерді лайықты жеңісімен құттықтаймыз!