Текст
14 қыркүйекте Көкшетау қаласы ПП криминалдық полиция бөлімінің қызметкері Дәурен Қапбасов «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің 3 курс студенттерімен интернет-алаяқтық туралы профилактикалық әңгіме жүргізді. Ол бейнероликтер көрсету арқылы телефон нөмірлерін бұрмалау, интернет-дүкендерде немесе жарнама сайттарында тауарларды сату туралы хабарландыруларды орналастыру, сатылатын мүлікке арзан бағамен жәбірленушілерді тарту және басқа да мысалдармен байланысты интернет-алаяқтық оқиғаларының көбеюі туралы айтты.