Текст
11.03.2026
«Сункар» қалалық спартакиадасы бағдарламасы аясында өткен волейбол жарыстары өз мәресіне жетті.
Жарыс қорытындысы бойынша біздің қыздар командасы 10 команданың арасынан үздік үштіктің қатарына еніп, жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдықты және жеңіске деген жігерін көрсетті.
Сонымен қатар, Д-32 тобының студенті Сунгатова Анеля «Үздік қорғаушы» номинациясы бойынша үздік ойыншы атанды.
Спортшыларымызды лайықты жетістіктерімен құттықтап, алдағы уақытта жаңа жеңістер мен толағай табыстар тілейміз!
