"АРНА" КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ МЕКЕМЕСІ
УЧРЕЖДЕНИЕ КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КОЛЛЕДЖ "АРНА"

ТҮЛЕК МОДЕЛІ

"Арна" Көкшетау жоғары колледжінде колледждің пайымына, миссиясына және стратегиялық тұжырымдамасына, кәсіптердің бірыңғай біліктілік-тарифтік анықтамалығына және жұмыс берушілердің сұраныстарына сәйкес түлектің модельдері әзірленді. 0201000 "Құқықтану", 0501000 "Әлеуметтік жұмыс", 0516000 "Қаржы (салалар бойынша)", 0518000 "Есеп және аудит (салалар бойынша)"мамандықтары бойынша түлектің әзірленген модельдері өзін-өзі жетілдіру құзыреттерінен, базалық және кәсіби құзыреттіліктерінен тұрады.
Аталған мамандықтар бойынша түлектің құзыреттілік модельдері келесі құрылымға ие:
1. Кәсіптік білім беру бағдарламасын меңгеру нысандары
2. Кәсіптік білім беру бағдарламасын меңгерудің нормативтік мерзімі
3. Түлектің біліктілігі
4. Түлектің біліктілік сипаттамасы
5. Білім алушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар (базалық
6. кәсіби құзыреттер).
7. Білім алушының өндірістік практикасы.
8. Білім беруді жалғастыру мүмкіндіктері.
Біліктілік талаптарына сәйкес кәсіби, базалық және арнайы құзыреттер пысықталды. Түлектің базалық құзыреттіліктері "халықаралық деңгейде ұйымның мүдделерін білдіру мақсатында ағылшын тілін үйренудің мәні мен әлеуметтік маңыздылығын түсіну"арқылы толықтырылған.

Жаңартылған күні: 11.03.2021 14:42
Құрылған күні: 05.04.2023 08:44

Ұйымдар тізімі
Текст